Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша

Паскаль үшбұрышы. Қараңыз! Қызық!

26-10-2014, 00:57 | Қызықты сұрақтар
Қарау саны: 36
Блез Паска́ль (фр. Blaise Pascal [blɛz pasˈkal]; 19 июня 1623, Клермон-Ферран, Франция — 19 августа 1662, Париж, Франция) — француз математигі, механик, физик, әдебиетші және философ.

Математикалық викторина

17-11-2013, 20:01 | Қызықты сұрақтар
Қарау саны: 2659
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Черновод орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сармурзина Ботакөз Әділжанқызы
Математикалық викторина
1. Тізбектес жеті натурал сан бар. Алғашқы үшеуінің қосындысы 33-ке тең. Соңғы үшеуінің қосындысы неге тең?
2. 9876543210 санын 86420-ға бөліп, шыққан қалдықты 6420-ға бөлді, жаңа шыққан қалдықты 420-ға бөлді, соңғы қалдықты 20-ға бөлді. Қандай қалдық шығады?
3. Балмұздақты сатып алуға Арманның 7 теңгесі, Динаның 1 теңгесі жетпеді. Екеуі өздерінің барлық ақшаларын қосып еді, тіпті 1 балмұздаққа ол да жетпеді. Бір балмұздақтың бағасы қандай?
4. Екі таңбалы санның цифрларының орындары ауыстырылып, алғашқы санмен қосылған. Нәтижесінде натурал санның квадраты шықты. Қай санның квадраты?
5. Сабақ 11:45-те басталып, 40 минутқа созылды. Сабақтың дәл ортасында Анар түшкіріп жіберді. Ол қай мезгілде болған еді?
6. Парақ бетінде координата жүйесі сызылған. Ермек парақты бүктегенде координаталары (1; 5) және (7; 3) болатын нүктелер беттескен. (-1; -1) нүктесі қай нүктемен беттеседі?
7. Суретте көрсетілген қиылысқан 5 дөңгелек 9 облыс құрайды. Олардың ішіне 1-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған (әр цифр 1 рет қолданылады). Кез келген дөңгелектегі жазылған сандардың қосындысы 11-ге тең. Белгіленген облыста жазылған цифр қандай?
8. 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n = 32010 болса, n мәнін табыңыз.
9. Егер 2a – b = 505 және 3b – c = 333 болса, онда 4a + 7b – 3c қаншаға тең?
10. Суретте ∠AOD=120°, ∠BOD=3∠AOB және ∠AOC=2∠COD. ∠BOC неге тең?

Ойын түрлері

21-06-2012, 08:09 | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 6
Қарау саны: 15481
1.Көңілді санау
Бұл ойынды ұйымдастыру үшін түрлі формада бірнеше таблица жасайды. Таблицадағы цифрларды әр түрлі түспен және де фигураларда әшекейлеп жазған дұрыс. Таблицадағы орналасатын цифрлардың санын бірте-бірте көбейтіп, орналасуын да күрделендіре түскен дұрыс. Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.

Кездейсоқ оқиға және ықтималдық

21-06-2012, 08:02 | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 1
Қарау саны: 15419
Күнделікті өмірде орындалатын да, орындалмайтын да оқиғалар жиі кездеседі. Таңертең тұрып терезеден далаға қарасақ, далада күн ашық болуы да, бұлтты болуы да, жаңбыр жаууы да, қар жаууы да мүмкін. Бұлардың бәрінің орындалу мүмкіндіктері тең. Мұнда бірі орындалса, басқалары орындалмайтын жағдай бар. Және олар кездейсоқ оқиға болып табылады. Асықты лақтырғанда оның бүк, шік, тәйкі немесе алшы жағы жоғары қарап түсуі де – кездейсоқ оқиға. Сонымен, кездейсоқ оқиға деп белгілі бір тұрақты жағдайда орындалуы мүмкін немесе орындалмауы мүмкін оқиғаны айтады.
Мысал 1: Асықты лақтырып ойнағанда, ол асықтың бүк жағы жоғары қарап немесе шік жағы жоғары қарап, әлде болмаса, тәйкі жағы немесе алшы жағы жоғары қарап түсуі мүмкін. Мұнда бірі орындалса, басқалары орындалмайтын жағдай бар. Асықты лақтырғанда оның бүк, шік, тәйкі немесе алшы жағы жоғары қарап түсуі кездейсоқ оқиға болып табылады.

Ежелгі Греция

21-06-2012, 06:39 | Қызықты сұрақтар
Қарау саны: 3270
Әр түрлі арифметикалық әдістер мен аудан, көлем табудың тәсілдері жөнінде нақты материалдар жинақталғаннан кейін ғана(б.з.б.7 ғасырдан) математика Ежелгі Грецияда дербес ғылым дәрежесіне көтерілді. Грек ғалымдарының ( Фалес, Пифагор, Детель, Гиппократ, Евдокс, Аристотель, Евклид, Архимед, Аполлоний т.б.) еңбектері арқылы математика бірте-бірте практикалық мәселелерді ғана шешуге бағытталған жалаң эмпирикалық ғылымнан өзінің нәтижелерін түпкі қағидаларын (аксиомалардан) логикалық қорытынды түрінде шығаратын дедукциялық ғылымға айналды.

Ежелгі Мысыр

21-06-2012, 06:36 | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 2
Қарау саны: 3382
Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Нілөзенініңекіжағалауынаорналасқанбұл ел б.з.б. 3200-ші жжбіртұтасмемлекетболыпбірікті. Нілөзеніәржылдатасып, жағалаудағыегістікжерлердішайыпкетіпотырған, тасумезгіліаяқталғансоңтұрғындардыңжерінқайтаөлшепбөлукерекболады, ұзақжылғыжерөлшеутәжірибесініңарқасындагеометрияғылымыпайдаболған (геометрия – грекшесөз, гео — жер, метро — өлшеудегенмағынабереді).

Cіріңкеден құралған фигуралар

21-06-2012, 06:25 | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 2
Қарау саны: 4476
16 сіріңкеден құралған фигурадан 4 сіріңкені ауыстырыңдар,сонда үш шаршы құралуы керек.

Оригами

21-06-2012, 05:56 | Қызықты сұрақтар Пікір саны: 1
Қарау саны: 6426
Оригами – қағазды бүктеу арқылы әртүрлі моделдер аңдарды, құстарды, гүлдерді жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері.
Ең негізгі жұмыс құралы – қағаз болып табылады. Ең негізгі жұмысты атқаратын – ол қол.
Бұл қолмен қағазды бүктеу арқылы әдемі ойыншықтар мен геометриялық фигуралар жасауға арналған сабақ түрі. Жасаған дайын фигураларды сыйға тартуға және қағаздан жасалған ертегі кейіпкерлермен көрініс көрсетуге болады.